Зерделі ғалым, жазушы, зиялы тұлға

Жуырда С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей интернатындағы 8 «а» класс оқушыларына биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында «Зерделі ғалым, жазушы, зиялы тұлға» атты танымдық сағатын өткізді.

Шараның мақсаты – Немат Келімбетовтің шығармаларын насихаттау. Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау және дамыту.

Шара барысында кітапхана қызметкері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша таңдап алынған көрнекті түркітанушы ғалым, жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, профессор Немат Келімбетовтің есімі халқымызға етене жақын. Оның «Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат», «Қариялар», «Күншілдік» сияқты повестер мен эссе кітаптары оқырмандарының жүрегінен берік орын алған, филосо-фиялық толғанысқа толы еңбектер. Немат Келімбетовтің қазақ әдебиетінің байырғы бастау-бұлақтарын зерттеудегі еңбегі зор. Оның «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Қазақ әдебиеті бастаулары», «Ежелгі әдеби жәдігерлер» сияқты зерттеу еңбектері – ұлттық сөз өнерінің түп-тамы-рына тереңдеп барған тыңғылықты еңбек. Ғылым жолындағы қайраты үшін Немат Келімбетов Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

Немат Келімбетовтің биыл акцияға алынған«Үміт үзгім келмейді» кітабы әлемнің 19 тіліне, оның ішінде мажар тіліне аударылғанын, сонымен бірге Еуропадағы танымал әдеби жүлделердің бірі – Ф.Кафка атындағы халықаралық сыйлыққа ие болғанын айтып өтті. Кітапхана қызметкері жастарға шығармадағы ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты туралы әңгімелеп берді. Оқушыларға осы кітапты оқып шығуға кеңес берді.

Шарада оқушылар «Үміт үзгім келмейді» шығармасы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар логикалық сұрақтарға Амангелді

Данияр, Ахат Даниял, Бақытжанов Ернар, Сағындық Санжар, Сарсенбай Айдос белсенді жауап беріп. Ал, Диас Алдабергенов, Нұрасхан Алдоңғаров, Жұбатхан Фарух сынды оқушылар хикаят-монологтан үзінді оқыды.

Шарада жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, «Немат Келімбетов – тұғыры биік жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып және кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Сұлтанбекова Лаура толық библиографиялық шолу жасады.