XI Алматы қаласының Азаматтық форумы

Алматы қаласында «БЕЛСЕНДІ МЕГАПОЛИС» атты XI Алматы қаласының Азаматтық форумы өтті. Жиынға Алматы қаласының әкімдігі, ҚР мемлекеттік жергілікті және орталық атқару органдары, аймақтық және Республикалық ҮЕҰ, Халықаралық ұйымдардың мүшелері, Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалы, жастар ұйымдар жетекшілері сонымен қоса Аймақтық кәсіподақтар бірлестігі «Алматы кәсіподақтар орталығы» төрайымы Өмірбаева Зәуреш Әбілқожақызының бастамасымен Алматы салалық және жергілікті кәсіподақтар филиалдары үйлестіру кеңесінің мүшелері осы аталған форумға қатысты.

Форумды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ашты азаматтық қоғамды дамыту проблемалары ғалымдар мен университет ортасы ҮЕҰ, саяси және қоғам қайраткерлерінің үйлестіруін жеткіліксіз деп санайтынын атап көрсетті, сондай-ақ қалалық мамандандырылған ҮЕҰ рөлінің артуына назар аударды. «Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет, көптеген белсенді емес ҮЕҰ-дар бар екен айтты, бұл көбінесе ҮЕҰ-ды жабудың күрделі екенін сөзге тие кетті. Бізде ғылыми қауымдастықпен, ғылыми орталықтармен, ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықтың тиімді стратегиясы қажет, әлеуметтік кәсіпкерлік институтының тиімді жұмыс істеуі үшін ерекше назар аудару қажет. Бізге ғалымдар мен университет ортасының, ҮЕҰ, саяси және қоғам қайраткерлерінің күш-жігерін біріктіретін Рим Клубы қажет деп көрсетті. Бұл кезеңде Алматының әлеуеті зор », – деді Арман Қырықбаев.

Мұнда 4 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, барлық қазақстандық ҮЕҰ-ның 20% -дан астамы. Қырықбаев Алматыда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының (1000-нан астам) жетекші орында тұрғанын, 173 діни бірлестіктің белсенді жұмыс істеп келе жатқанын және соңғы 3 жылда Алматы қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемінің екі есе артып, 2,3 млрд теңгені құрағанын айтты. Қырықбаев тағы бір рет бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.

Қаланы абаттандыру, көшелерді, қоғамдық орындарды жаңғырту азаматтармен, біздің ҮЕҰ өкілдерімен талқылағаннан кейін, өз ұсыныстарын қарастырып, қарастырудан кейін жүргізілетін. Тұрғындарға ақпарат беру және кері байланыс алу үшін әкімдік әлеуметтік желілерде есеп ашылған болатын, яғни инстаграм желісінде «Ашық Алматы» қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді», – деді. Бұл азаматтық бастамаларды және жұмыстарды ілгерілететін тиімді диалог алаңы екенін басып айтты.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова өз сөзінде Қоғамдық кеңестің құрылуы мен жұмыс істеуі жауапкершілікті мемлекет қалыптастыруға оң әсерін тигізді және белсенді азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуына мүмкіндік берді деп атап өтті.

ЮНЕСКО –ның Алматыдағы кластерлік бюросының директоры Криста Пикат ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлы ҚР кәсіподақтар альянысының президенті Қожақметов Асылбек Базарбайұлы Азамттық қоғаммен жұмыс жасау өте үлкен жауапкершілікті қажет ететінін, мемлекет тарапынан және де қоғамдық ұйымдардың белсене жұмыс жасау керек екенін атап көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірді.

Форум бағдарлама бойынша 5 бөліменен тұрды олар келесі дегідей «Алматы қаласын тұрақты дамытудағы институционалдық реформалар», екінші «Мемлекетпен ҮЕҰ арасындағы өзара қарым-қатынас: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» және «Жастар бастамаларының перспективалық форматы» мен «Қоғамдық қатысудың институтционалдық нысандары мен тетіктері» соңғы Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің құқықтық аспектілері» атты диалогтік алаңдардан тұрды. Осы алаңдарды делегаттар өздеріне жақын алаңды талдап, оларға ғылыми дәрістік оқыту өткізілді және өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Берілген өтініштермен ұсыныстар Астанада Елбасы Нұрсылтан Назарбаеватың қатысуымен өтетін «VIII Қазақстанның азаматтық форумына талқыланылып, жеткізілетінін атап айтты. Республикалық форумға 30 делегат тізім бойынша дауыс беру арқылы жүргізілді. Аймақтық кәсіподақтар бірлестігі «Алматы кәсіподақтар орталығы» төрайымы Өмірбаева Зәуреш Әбілқожақызы дауыстық сайлау нәтижесінде бірауыздан делегат ретінде сайланды. Форум соңында Алматы қаласы «Жомарт жүрек 2018» сыйлығының лауреаттары арнайы сертификаттармен марапатталды