Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығында медиация кабинеті ашылды

Жамбыл облыстық соты мен Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы арасында жасалған меморандум аясында Кәсіподақтар орталығы ғимаратында медиация кабинеті ашылды.

Медиация кабинетінің арнайы ашылу салтанатына Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөнініндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші, Жамбыл облыстық сотының судьясы Нұрлыбаева Динара, аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мейрабек Төлепберген, облыстық Ішкі саясат басқармасының жетекші мамандары, Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы татуласу орталығының меңгерушісі, 20-дан астам кәсіби медиатор, барлық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз кезегінде, алқа төрағасы Жомарт Рүстембеков медицаия азаматтарға құқықтық кеңес беруді, дау санатын анықтауды, медиатор арқылы бітімгершілік рәсімдерді даярлауды және сотқа дейінгі келісім жүргізуді мақсат ететін атап өтіп, бүгінде осы соттардың медиаторлармен және кәсіподақтармен өзара ынтымақтасты одан әрі дамытуға бағытталғанын айтты.

Облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрембек Төлепберген осы медиация кабинетінің ашылу мақсаты туралы, қоғамда орын алып жатқан түрлі даулардың алдын алу және оларды сотқа дейін шешіп, татуластыру мәселесі де сот органдары мен кәсіподақтардың басты назарында екенін атап өтті. Кәсіподақтар үйінде ашылған медиация кабинетінің жабдықталған жағдайына да разылықпен назар аударды.

Салтанатты жиында Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы мен облыс әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі арасында ҚР «Медиация туралы» Заңы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кәсіби медиаторлар келісілген кестеге сәйкес қызмет көрсететін болады.