Кәсіподақ қызметіндегі маңызды бағыттар

Кәсіподақ қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі қаржылық жұмыс болып табылады. Қаржылық жұмысқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» Жарғысымен және ҚР қолданыстағы заңнамасымен көзделген мүшелік кәсіподақ жарналары мен басқада кәсіподақ бюджетінің кірістерін жұмсау және есептілікті, бухгалтерлік есеп ұйымдарының шотына қаражаттардың түсуін, жинауын ұйымдастыруды сайланбалы кәсіподақ органдарының ұйымдастырушылық қаржы шараларының жүйесі болып табылады.

Мүшелік кәсіподақ жарналарынан құрылатын Кәсіподақ қаражаты жарғылық нормаларға сәйкес, Кәсіподақ Жарғысымен, мүшелік ұйымдардың жарғыларымен көзделген тәртіпте. Кәсіподақтың, оның барлық құрылымдық звеноларының (бастауыш, аудандық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының ) қызметтерін қаржылай қамтамасыз етуге бағытталады.

Семинарда кәсіподақ үйымдарында бухгалтерлік есептің жүргізілуі шоттардың жұмыс жоспары,типтік операциялардың шоттардың корреспонденциясына, бухгалтерлік есептің жүргізілу ережелеріне тоқталық облыстық ревизиалық комиссиясының төрайымы Ж. Обаева төлық түсіндірді. Барлық қойылған сұрақтарға облыстық кәсіподақтың бухгалтерлері, заңгері, мамандары жауап беріп семинарға қатысулыларға толық мағлұмат берді.