Х.Бөкеева атындағы қазақ драмтеатрында кеңейтілген жиналыс өткізілді

2018 жылдың 15 қараша күні Астана қаласынан Қазақстандық салалық кәсіптік одақтың төрайымы С.К. Иманкулованың қатысуымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драмтеатрында кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналысқа БҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Е.Салықов, және 22 бастауыш салалық кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Елбасы Жолдауын мәдениет, спорт саласының барлық қызметкерлері зор ынтамен қарсы алды,өйткені оның барлық құрамдастары уақыт рухына және қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жауап береді. Көптеген ұйымдарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ел Президенті жариялаған әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдауға бағытталған іс – шараларды өткізу жоспары белгіленді, – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрайымы Светлана Иманқұлова. Отырысқа қатысушылар еңбекақы мәселесіне ерекше назар аударды, Жолдау аясында ең өзекті тақырып болып табылады, өйткені бүгінгі күні сала қызметкерлері салыстырмалы көрсеткіште бюджеттік ұйымдардың еңбекшілері арасында төмен жалақы алады.

БҚО салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Айдар Батырханов мәдениет, спорт, ақпарат қызметкерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы әңбек қатынасын реттеуінде мекемелердің ұжымдық шарттарын жасақтауды заңнамаларға және Жарғыға сәйекес сауаттылық қажеттілігіне баса назар аударды. Еңбекшілер мен қызметкелердің әлеуметтік, тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын сақтауымен үйлестіруде әділ шешімдерер қабылдауының қажеттігін, ұжымдық шарттар , салалық, өңірлік келісімдерге негізделуін қатерге салды.

Жиын сонында бір топ кәсіподақ белсенділері көп жылдық ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестік аясында қажырлы еңбегі үшін салалық кәсіподақтың төс белглерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хатпен марапатталды.