Шымкентте республикалық семинар-кеңес өтті

2018 жылғы 15 қараша күні Шымкент қаласындағы Политехникалық колледжде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, қалалық және облыстық білім саласының кәсіподағының басшылары, қалалық білім басқармасы қызметкерлері, колледж басшылары, жұмыс берушілер мен аймақтық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен семинер-кеңес өткізілді.

Семинар кеңесте министрліктің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Е.Жүнісов, республикалық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары А.Мұқашова, ҚР Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Л.Шонаева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы А.Абылайхан, «Қаржылық орталық» АҚ білім беруді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары А.Кадесова, т.б. семинар кеңесте баяндама және хабарлама жасады.

Семинар кеңеске Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов бастаған білім саласы және білім мекемелері кәсіподақтарының басшылары қатысты.

Семинар соңы секциялық жұмыстармен жалғасып, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындар жұмысымен танысумен аяқталды.

16 қараша күні осы семинар Түркістан қаласында өткізілмек.