Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай өткізілген шара

2018 жылы 15 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы филиалының төрайымы А.Есекенова «Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерін «Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай мерекелік шараға қатысып, қаржы саласындағы жемісті еңбегі мен кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіруде белсенді қызметі үшін Облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы.