Eңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың облыстық форумы

ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2018 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялауына сәйкес және «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы аясында еңбек қауіпсіздігінің басты бағыттарын түсіндіру, техникалық инспекторлардың жұмыстарын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 20 қараша күні Кәсіподақтар Орталығының ұйымдастыруымен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың облыстық форумы өтті.
Кәсіподақтардың басты назар аударатын мәселелерінің бірі – бұл еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі. Облыстағы белсенді техникалық инспекторларлардың басын қосқан Форумда Кәсіподақтар Орталығының кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін қоғамдық бақылау, өндірістік кеңестердің және техникалық инспекторлардың жұмысы жөнінде, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ-ның директоры В. Графкиннің кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттар туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай ақ техникалық инспекторлар, «Жайықжылуқуат» АҚ-дан Виталий Кукушкин, Орал политехникалық колледжінен Михайл Горлов, «ҚПО б. в.» компаниясынан Айбек Имақанов, «Батыс су арнасы» кәсіпорнынан Талғат Полатұлы озық еңбек тәжірибелерімен бөлісті. Соның ішінде «ҚПО б. в.» компаниясының техникалық инспекторы Айбек Имақанов қатысушыларды кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарын нығайту бағытында енгізілген «Life Service» бағдарламасымен таныстырып, видеоролик көрсетілді. Форум барысында кәсіпорындардағы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс деңгейін анықтау мақсатында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді, сондай ақ облыс бойынша үздік техникалық инспекторлар Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Форум соңында әлеуметтік әріптестермен бірлесіп техникалық инспекторлардың қызметін жандандыру шараларын жалғастыру, соның ішінде ұжымдық шарттарға техникалық инспекторларды моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін енгізу, сондай ақ техникалық инспекторлардың үздік, озық іс тәжірибелері таратылуы бағытында қарар қабылданды.