Өзекті мәселелер қаралды

2018 жылдың 23 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінде облыстық Үшжақты комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына Жамбыл облысындағы барлық аудан әкімдіктерінің өкілдері, басқарма басшылары,  аумақтық кәсіподақтар орталығы өкілдері, облыстағы салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер  палатасының өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде:

  1. әлеуметтік әріптестік пен  әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қабылданған өңірлік Үшжақты келісімге жалақылары төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруді, сондай-ақ олардың жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастырылды;
  2. облыстағы мекемелер мен кәсіпорындардағы ұжымдық шарттарға, жұмыскерлердің жалақысын төлеу мәселесін реттейтін жұмыс берушілердің актілеріне жалақылары төмен жұмыскерлердің жалақыларын көтеру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарда ұжымдық шарттарды жасасу бойынша жұмыстарды жандандыру мәселесі де қаралды.