Кезекті меморандумға қол қойылды

Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Осы қабылданған Меморандумның негізгі мақсатты, Жамбыл облысының барлық өңірлеріндегі әдеп жөніндегі уәкілдері мен салалық кәсіподақ ұйымдарының өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылы және жергілікті мемлекеттік және басқа да органдардың мемлекеттік, азаматтық қызметшілерінің құқықтарын қорғау, ақпарат алмасу, өзекті мәслелер бойынша бірлесіп іс-шараларды ұйымдастырып өткізу болып табылады.

Меморандумға, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген және Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Олжас Ақылбаев қол қойды.