ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

29.11.2018ж. күні «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиынды колледж директоры Г.Ү.Искакова ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Жиында Елбасының тағылымға толы өмір жолы туралы бейнебаяндар көрсетілді.

Салтанатты жиынға Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.М.Башенов, Абай ауданы әкімінің орынбасары Т.Н.Қасымбеков, Түркістан облыстық Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары С.Е.Әуесханов, Қазақстан Салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіптік одағының Түркістан облыстық қоғамдық бірлестігінің маманы Ж.А.Қорғанбаев қатысып, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, шығармашылық жетістікке жеткен колледж оқытушылары мен қызметкерлерін арнайы төс белгілермен, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.

Аталмыш іс-шара студенттердің ұйымдастырған мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты.