Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Елбасы және Ұлы Дала елінің құндылықтары» деген тақырыпта конференция өтті.
ТИГУ университетінің акт залында өткен конференцияға 200-ден астам студенттер, оқытушы-профессорлар, зиялы қауым өкілдері және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Жиында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Төлепберген арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ тарихшы – ғалым С. Бақторазов, факультет деканы М.Нұрғабылов, жас ғалым Б.Бекназаровтың қосымша баяндамасы тыңдалды.
Елбасының Жолдаулары мен әйгілі мақаласынан туындайтын ой- толғамдар мен елдік құндылықтар сөз болды. Бұл ортақ істе барлық қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдары атқаратын іс – әрекеттері де айтылды. Саяси-әлеуметтік бірлік, қоғамдық белсенділік, еңбек адамына мемлекеттік қамқорлық аясында пікір алысылды.