Тұңғыш Президент күні Алматы АКБ аталып өтілді

Тұңғыш Президент күні Алматы қаласы кәсіподақтар орталығында аталып өтті. Бүгінде, бүкіл елдің қолдауы мен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын – Тұңғыш Президент күні барша қазақстандықтар үшін де өте қадірлі мереке. Осы мерекеге орай, «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақ белсенділерімен дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Елбасымыздың сындарлы саясаты мен өмірбаянын, сонымен қатар, қазіргі уақыттағы Еліміздің дамуы мен оған деген Қазақстан кәсіподақтарының қосқан зор үлесін көрсетіп, төрайымның орынбасары А. Несіпкалиев  сөз сөйледі.

«Қазақстандық кәсіподақтар – бұл тұрақтылық тірегі, әлеуметтік еңбектер қатынасы» деген Президентіміздің қанатты сөзінде қазіргі таңда кәсіподаққа үлкен сенім артылып отыр. Осы орайда, Елбасының «Қазіргі уақытта елімізде барлық жағдай жасалған осы орайда, біз кәсіподақ жастары қапы қалмауымыз керек» деген жалынды сөзін Жастар кәсіподағы белсенділері атынан сөз сөйлеген Б. Нұрсерік өз баяндамасында атап өтті.

Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығының қарсаңында бұл мерекенің мәні де, мағынасы да айрықша. Қазақстан, Тәуелсіздік, Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, Тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі, аз ғана тарихи уақыттың ішінде бәсекеге қабілетті, қоғам өміріндегі барлық салада кең ауқымды реформаларды жүзеге асырған, дамыған қуатты мемлекетті қалыптастыра білді. Халық алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту кәсіподақ белсенділері үшін өте үлкен мәртебе. Алматыда салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Тұңғыш Президент күні өз дәрежесінде аталып өтілуде.