ҚРКФ делегациясы ХКК Конгресіне қатысуда

2018 жылғы 2 желтоқсанда ХКК IV Дүниежүзілік Конгресінің өту аясында Ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шарада LO Президенті Л.Рисгард (Дания кәсіподақтары); Дания Премьер-Министрі Л.Расмуссен; Копенгаген Мэрі Ф.Йенсен; ХКК Президенті Й.А.Феличио; ХЕЕ Бас директоры Г.Райдер сөз сөйледі.

Дания Премьер-Министрі Ларс Локке Расмуссен өз алғысөзінде кәсіподақтар ең бейбіт ұйым болып табылатынын және оның қызметі адал және даусыз қоғам құруға бағытталғанын атап өтті. «Біздің міндетіміз – «болашаққа жол жүріп жатқан поезден ешкімнің қалып қоймауы», – деп айтып өтті Премьер-Министр мырза.

ХКК Президенті Йоао Феличио қатысушылардың назарын гендерлік теңсіздікке, «әйелдердің көп бөлігі экономиканың тұрақсыз секторларында жұмыс істейді», «қамсыз» жұмыс берушілердің тарапынан әділетсіз қарым-қатынасқа ие, көп жағдайда оларлың құқықтары шектетілетіндігіне аударды.

Халықаралық Еңбек ұйымының Бас директоры Гай Райдер қатысушылардың алдында сөз сөйлей отырып, «бірлікке қолжеткізу үшін кәсіподақтардың күшін біріктіру – біздің міндет! Кәсіподақ ұйымдары бұрынғыдай тұрақтылықты көрсетуі тиіс» деп айтты және барлығын ынтымақтастыққа шақырды. Спикерлердің сөз сөйлеуі қызықты мәдениет бағдарламалар, спецэффектер және этникалық музыкамен қоса жүрді. «Ережелерді өзгертейік!», – ХКК Дүниежүзілік конгресске қатысушылардың саяси хабарламасы.