Копенгагендегі Кәсіподақтардың Дүниежүзілік Конгресінің күн тәртібіне шолу

2018 жылғы 3 желтоқсанда кәсіподақтар Конгресінің жұмысы жалғасуда. Еске сала кетейік, Копенгагенге дүниежүзі бойынша кәсіподақтардың екі миллионнан аса мүшесін көрсететін мыңнан аса делегат жиналды. «Бауырлар!» Конгресс делегаттары бір-бірімен осылай сөйлеседі. Күн тәртібі төрт бөлімнен тұрады: I.Бейбітшілік, демократия мен құқық; II.Экономикалық ықпалды реттеу; III.Жаһандық өзгерістер – әділ қадам; IV.Тепе-теңдік.

Бірінші күн тәртібінде ХКК Бас хатшысы Шаррон Барроудың баяндамасы тыңдалды. Баяндама өткізілген жұмыстар туралы есеп пен болашақтағы жоспарлардан гөрі, сөз сөйлеуге ұқсас болды. Ш.Барроудың сөзі рухы түскен еңбеккерлердің, кәсіподақ мүшесі болып табылатын «тұтқындардың»  өмірлерінен алынған, жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуына қатысты нақты оқиғаларға, «Климаттың ғаламдық жылуын тоқтатайық!» сынды ұрандарға толы болды. Сөз арасында спикерді «қолдаушылардың» қол шапалақтауы орын алып отырды. Дегенмен, аудитория Бас хатшының сөзін бірдей қабылдай алмады, пікірталастарда Ш.Барроуға қатысты көптеген күрделі сындар айтылды. Негізінде, сындар баяндаманың популистік сипатына, жергілікті мүше ұйымдармен әлсіз жұмысқа қатысты болды. Неміс, итальяндық және өзге де Еуропалық кәсіподақ басшыларының тарапынан сыни баға берілді, олар барлық халықаралық кәсіподақтар бірлестіктерінің тұтастығы мен бірлігін нақты көрсететін кез келгенін атап айтты.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік Конгрестің күн тәртібіне Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысын сайлау туралы мәселе енгізілген. Осы лауазымға үміткерлер – ХКК қазіргі Бас хатшысы Ш.Барроу және Жалпыға ортақ Итальяндық Еңбек конфедерациясының көшбасшысы Сусанна Комуссо.

Конгресс алаңдарында ауқымды үгіттеу жұмыстары өткізілуде, үміткерлерді қолдаушылар митингтер, ақпараттық материалдарды, белгілерді, буклеттерді тарату арқылы акциялар өткізуде.

Бас хатшыны сайлау тікелей дауыс беру арқылы ашық режимде өтпейтіні – қызықты жайт. Үрдіс дауыс беруге арналған бюллетеньдер арқылы құпия өтеді. Сондай-ақ, делегация мүшелері атынан бір өкіл ғана дауыс беру арқылы Жарғыға өзгерістер енгізілді.

Сайлау ертеңге, 2018 жылғы 4 желтоқсанға белгіленген.