Копенгагендегі қызу пікірталастар

ХКК Дүниежүзілік Конгресінің үшінші күні 3 желтоқсанда пленарлық отырыс барысында тыңдалған ХКК Жарғысына түзетулер қабылдаудағы үрдістерге қатысты қызу пікірталастар өтті. Оның мәні – 3 желтоқсанда, яғни Конгрестің екінші күні Йоао Феличие ХКК Жарғысына ұсыныстар мен түзетулерді оқыған болатын.

Осы ұсыныстар бойынша дебаттар мен пікірталастар өткізіліп, мәселе дауыс беруге ұсынылды. Дегенмен, Конгресс Президиумы және Мандаттық комиссия Қазақстандағы жағдайға ұқсас Жарғы мен демократиялық өзгерістердің бұзылуына жол берді. Дауыс берудің басында дауыс беруге жіберілген делегаттардың саны айтылмады. 1500 адамға арналған Bella center іскерлік орталықтың үлкен залында Конгресс делегаттары ғана емес, шақырылғандар, еріктілер, сарапшылар мен қонақтар да болды. Үрдістің бұзылғанының тағы бір дәлелі, Мандаттық комиссия делегаттардың нақты санын хабарламастан, дауыс беруді қол көтеру арқылы ашық түрде өткізді.

Қорытындыны есептегеннен кейін дауыс бергендердің саны ғана айтылды. «Қолдайды» – 238 адам және «Қарсымыз» – 113 адам, қалыс қалғандар аталмады. Зал лезде қарсылықтарын айта бастады, көптеген делегаттар ашық микрофонға шығып, үрдістің бұзылғанын айтумен болды. Дегенмен, Президиум қайта дауыс беруді өткізуден бас тартты. Бірақ-та, 4 желтоқсанда, келесі күні Мандаттық комиссия хатшысы Ева Нордвок мәлімдемемен сөз сөйлеп, кешегі дауыс беруде жиналым болмағанын хабарлады. Мандаттық комиссия хатшысының хабарлауы бойынша, дауыс беруге 61% делегат қатысты, 46%  – әйелдер, 9% – жастар болды.

Бір сағат ішінде 36 елдің өкілдері ашық микрофонда өз қарсылықтарымен сөз сөйлеп, қайта дауыс беруді өткізу қажеттігін айтты. Зал спикерлерді қол шапалақтау арқылы қолдады. Президиум мен Мандаттық комиссия келіспеген делегаттардың талабымен келісіп, қайта дауыс беру мәселесін талқылау үшін жиналысқа шығып кетті.