ҚРКФ-тың ХКК Мандаттық комиссиясының шешіміне наразылығы

 

ХКК Дүниежүзілік Конгресінің

Мандаттық комиссиясы,

Көшірмесі ХКК Бас кеңесінің мүшелеріне
 

Қазақстандық делегация ХКК Мандаттық комиссиясының 2018 жылғы 02 желтоқсандағы шешіміне наразылығын білдіреді. ҚРКФ мүше ұйым ретінде ІІ-баптың а) т. сәйкес Конфедерацияның ынтымақтастығына және қолдауына ие болуға құқылы.

Біз мынандай тезистерді ескере отырып, Мандаттық комиссия шешімінің тармақтарын түсіндіріп беруіңізді сұраймыз:

1) 4-бапқа сәйкес мүше ұйымның қызметін тоқтату басымдылығы тек Бас кеңеске беріледі

2) ХКК мүшелікті тоқтатуға әкелетін іс-әрекеттер Жарғыға қарсы келуі тиіс

3) Шешім қабылдаудың алдында Бас кеңес айыптауларды тыңдайды, осы тыңдалымдар үрдісі де Бас кеңеспен анықталады

4) Айыптарды тыңдалым үрдістерінен кейін тоқтату туралы шешім Бас кеңестің немесе Конгресс делегаттарының төрттен үш дауыстарының көпшілігімен қабылданады.

Дегенмен, ХКК Жарғысының осы талаптары өрескел бұзылды, осы мәселеге қатысты Бас кеңестің отырысы өткізілмеді, Бас кеңеспен анықталған үрдіс бойынша тыңдалымдар тағайындалмады және шешім Жарғыға қарсы Мандаттық комиссия мүшелерімен қабылданды. Мандаттық комиссияға 7 адам ғана кіреді.

Қазақстандық делегация Бас кеңес және Мандаттық комиссия мүшелеріне біздің Конгрестегі мәселемізді міндетті түрде қарастыру және сәйкес құжаттарды көрсету, олардың қабылдаған шешімдерінің негізі туралы өтінішпен жүгінеді.

Түсініктікке, ынтымақтастық пен бірлікке үміттіміз!

Қазақстанның делегаттары:

Әбдірайым Бақытжан — делегация басшысы, ҚРКФ Төрағасы
Жақыпов Мирболат — Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы
Қалиев Сұлтан — Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағының төрағасы

Айтжанова Динара — ҚРКФ Әйелдер комиссиясының мүшесі, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы
Сұлтанов Мадияр — ҚРКФ «Келешек» Жастар кеңесінің мүшесі

 

ХКК Мандаттық комиссия шешіміне қатысты

ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық серіктестік департаменті 2018 жылғы 2-7 желтоқсан аралығында Копенгагенде (Дания) өтіп жатқан ХКК IV Дүниежүзілік Конгрестің Мандаттық комиссиясының ҚРКФ-тың ХКК-тағы мүшелігін тоқтату туралы шешімін қарастыра отырып, ХКК Жарғысының ережелерін бастамашылыққа ала отырып, келесі туралы хабарлайды.

ХКК Жарғысының IV (а, b) бабына сәйкес мүшелікті тоқтату туралы шешім ХКК Бас кеңесінің құзыретіне кіреді, ал ХКК шығару туралы шешімді ХКК Конгрессі қабылдайды. Мүшелікті тоқтату немесе тоқтата тұруға негіз Бас кеңес немесе Конгресс қазіргі Жарғыға немесе ХКК мүддесіне кереғар деп санайтын іс-әрекеттер болып табылады. Шешім қабылдаудың алдында айыптаулар тыңдалады. Осындай тыңдалымдар үрдісі Бас кеңеспен анықталады. Шешім Бас кеңес мүшелерінің немесе Конгресс делегаттарының төрттен үш дауыстарының көпшілігімен қабылданады. Ұйымның мүшелігі тоқтатылған жағдайда ХКК жарғылық олргандарындаңы оның өкілдерінің құзыреттері автоматты түрде күшін жояды.

ХКК Жарғысының XIX (a) бабы Бас кеңестің сандық құрамын анықтайды. Сандық құрам 78 мүшеден тұрады, мұнда 70 мүшені келесі географиялық орналастыруға сәйкес Конгрес сайлайды:

* Африка

* Американдық континент

* Азия-Тынық мұхит аумағы

* Еуропа

Әр аумақта орындарды орналастыру олардың төлейтін мүшелігін, аумақтық құрамын және әртүрлілігін көрсетеді. Қалған 8 мүше келесі түрде қалыптасады:

* Әйелдер комитеті ұсынатын алты мүше

* Жастар комитеті ұсынатын екі мүше, гендерлік тепе-теңдік қағидасы ескеріледі.

ХКК Жарғысының Бас кеңестің мүшелерінің құзыреттіліктерін анықтайтын ХХ бабына сәйкес әр мүше бір дауысқа ие.

ХКК Жарғысының XV (a, b, c, d) бабына орай жеті адамнан тұратын Мандаттық комиссия тұрақты комиссия болып табылады, тікелей Конгресс алдында шақырылады және ХКК Бас кеңеспен тағайындалады. Мандаттық комиссия құзыретіне кіреді:

  1. i) Конгреске қатысатын тұлғалардың тізімін құру;
  2. ii) Конгреске делегацияның құрамы және дауыс беруге қатысу құқығы туралы хабарлау;

iii) делегаттардың өкілдігіне қатысты барлық қарсылықтарды қарастыру;

  1. iv) үміткерлерді Бас кеңеске мүшелікке, Бас хатшы лауазымына және аудиторларды сайлау құқығын тексеру, сондай-ақ, осы туралы Конгреске хабарлау;
  2. v) Бас кеңес құрамына үміткерлер саны осы аудандардан бөлінген орындардан көп болған жағдайда сәйкес аудандардағы ұйымдар арасында келісімге қолжеткізу және осы туралы Конгреске хабарлау.

Осылайша, ХКК Жарғысының IV (а, b), XV (a, b, c, d), XIX (a), XX баптарын талдау арқылы ҚРКФ-тың ХКК-дағы мүшелігін тоқтату туралы мәселенің шешімі ХКК Бас кеңесінің құзыретіне кіреді, ал Мандаттық комиссия құзыретіне кірмейді. Осы ретте ХКК Бас кеңестің шешімі оның мүшелерінің төрттен үш дауыстарының көпшілігімен қабылданады.

03 желтоқсан 2018 жыл, Копенгаген қаласы, сағат. 11.40