Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру

Осы тезис ХКК басшыларының және ХКК Дүниежүзілік Конгресіне қатысушылардың баяндамаларында жиі айтылды.

Бас кеңесте ХКК Әйелдер комитетінің төрайымы Глэйдис Бранш баяндамасы тыңдалды. Г.Бранш баяндамасының негізгі тақырыбы еңбек әлемінде гендерлік тепе-теңдікке қолжеткізу және жұмыс орындарында әйелдерге қысым көрсетуді жою мәселелері болды. Г.Бранш Конгресс әйелдерді кәсіподақтар қатарына тарту, оларды кәсіподақтардағы басшылық лауазымдарына көтеру мәселелерін талқылау үшін маңызды алаң болатынына сенім білдірді.

Бранш ханым ХКК Жарғысына өзгерістер енгізуге, соның ішінде мүше ұйымдардың сайлау органдарында әйелдердің 50% репрезентаттығына, ХКК Бас кеңесінің құрамында әйелдер өкілеттігіне, Бас хатшының бес орынбасарынының құрамына минимум 2 әйелді сайлауға қатысты бірқатар мәлімдемелер жасады. Гендерлік мәселе күрделі тұрды. Соның ішінде, Конгреске қатысатын делегацияға қойылатын басты талап – делегация санының 50% әйелдердің болуы. Еске сала кетейік, ХКК Бас хатшысы лауазымын әйел адам, австралиялық Шеррон Барроу атқарады. Өз қатарында 207 миллион адамды біріктіретін ең беделді халықаралық ұйымның басшылығына келесі жолы да әйел адам келетінін сеніммен айтуға болады. Бұл 2018 жылғы 5 желтоқсанда Бас хатшы сайлауынан кейін белгілі болады. Осы лауазымға үміткерлер – ХКК қазіргі Бас хатшысы Ш.Барроу және Жалпыға ортақ Итальяндық Еңбек конфедерациясының көшбасшысы Сусанна Комуссо.