Копенгагендегі ХКК жаңа көшбасшысына дауыс беру күні

2018 жылғы 5 желтоқсанда Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясының (ХКК) Конгресі өз жұмысын жалғастыруда. Осы күндері Копенгагенге дүниежүзі бойынша кәсіподақтардың екі миллионнан аса мүшесін көрсететін мыңнан аса делегат жиналғанын айтқан болатынбыз.

Бүгін ХКК жаңа Бас хатшысын сайлауға қатысты қызу пікірталастар өтті. Бірінші сөз кезегін итальяндық Карнелио Барбогаилио алды. Ол екі үміткерді тыңдаудың қажеті жоқ екенін, Шеррон Барроуды ғана тыңдау жеткілікті екендігін айтты.

– «Ертегімен ешкімді алдай алмаймыз. Іске кірісетін уақыт болды. Бізде өте көп мәселелелер бар. Әлем бойынша еңбеккерлердің құқықтары бұзылуда. Еңбекақы төмендеуде. Жұмыс берушілер ұжымдық шарттар жасамайды және бізге осы ережелерді өзгертетін көшбасшы қажет», – деп атап өтті Барбогаилио мырза.  Осы себепті ол делегаттарды Суссана  Комуссоға дауыс беруге шақырды.

Германиядан келген Стефан Форсель шешім қабылдау үрдісі дұрыс еместігін атап өтіп, Жақын Шығыспен түзетулерге қатысты мысал келтірді.

  • «Біз осы Конгресте нақты бір ой қалыптастыруымыз тиіс. Ал оның орнына біз пікірталас ұйымдастырудамыз. Біздің қатарда қайшылықтарға жол болмау қажет. Яғни, бұл Қазақстандағы жағдайға ұқсас», – деп атап өтті Ш.Форсель мырза.

Польша атынан сөз алған Адриана Дамчик бұл ережелерді өзгерту үшін ХКК өзгерістерден бастау керектігін айтты. Оның пікірінші, бірінші мәселе – ол есеп берудің жоқтығы және Бас хатшының есебі қалыптаспаған және жеткіліксіз қамтылған, екінші мәселе – ХКК ашықтығы.

Кейін Чилиден Барбара Чендаваль сөз алды. Чендаваль ханым өз сөзінде оның елінде бұқаралық қысқартулар орын алғанын атап өтті. Либералдық үкімет жұмыс тобына қысым көрсетуде және бұл көп елдерде орын алып жатқан жағдай екенін жеткізді. Оның пікірі бойынша кәсіподақтар халықтың және халықаралық бірлестіктің қолдауына сүйене отырып, құқықты қорғау жолын бастауы тиіс. Сондай-ақ, өзге де Конгреске қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

Шара аясында ХКК Басшысы орнына үміткерлер Шеррон Барроу және Суссана  Комуссо өз бағдарламаларымен сөз сөйледі. Үміткерлер әлемдегі заманауи кәсіподақтардың рөлі туралы өз ойларымен бөлісті және алдағы жоспарларын жеткізді, өз кандидатурасының табыстылығына сенім білдірді.

Ол кісілердің сөзінен кейін ХКК Мандаттық комитет хатшысы Ева Нордвок сөз алып, дауыс беру және дауысты есептеу үрдістері туралы айтты. Жақын уақытта дауыс беру нәтижесі шығады.