Съезбен қойылған міндеттерді жүзеге асырайық

2018 жылғы 6 желтоқсан күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Шымкент қалалық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі бірлесе Шымкент қаласындағы білім саласындағы мекемелер мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары басшыларының қатысуымен үйлестіру кеңесі өткізілді.

Кеңесте «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов, «Шымкент қалалық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Тургинбаева Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің 2018 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен бекітілген «Кәсіподақ қозғалысын жетілдіру бойынша кезектен тыс ХХV съезбен қойылған міндеттерді жүзеге асыру іс-шараларының Жоспарлары туралы» және 2019 жылы ол іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша баяндама мен хабарламалар жасады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен мүшелері және тарих пәндерінің мұғалімдері жарыссөздерге шығып, талқылауға белсенді қатысты.

Жиын соңы Қазақстан Республиканың Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған құттықтаулар мен марапаттауларға ұласып, үздік кәсіподақ мүшелері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.