“АНАЛАР ҮЙІНДЕГІ” БІР КҮН

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетінің төрайымы Мухтарита Сағындықованың бастамасымен еңбекші әйелдер жөніндегі комиссия мүшелері Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күніне орай өткізілетін іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласындағы “Аналар Үйіне” барды.

1981 жылдан бері әлемнің белсенді әйелдері әйелдерге қатысты зорлықпен күресіп келеді.

Игі шараны қолдаған әлеуметтік әріптестеріміз сәбилерге сыйлықтарын ала келді және тағдыр тәлкегімен қиындық көрген қамкөңіл аналарға аспаздықтан шеберлік класс өткізді.

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату бойынша Дүниежүзілік “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы 10 желтоқсанға дейін жалғасады және “ӘЛЕМДІ ҚЫЗҒЫЛТ САРЫ ЕТЕМІЗ (“СДЕЛАЕМ МИР ОРАНЖЕВЫМ”) ұранымен өтуде.