Аудандық байқау ұйымдастырылды

2018 жылдың 5 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім бөлімі əдіскерлерінің ұйымдастыруымен Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясында “Үздік химия пəні мұғалімі-2018” аудандық байқауы өтті. Байқауға білім беру ұйымдарының химия пəні мұғалімдері қатысып, төмендегі талаптар бойынша бақ сынасты. Мұғалім портфолиосы, өзін өзі таныстыру презентациясы, пəн бойынша сабақ үзіндісін көрсету.Байқау қорытындысы бойынша Ж.Жүсібалиев атындағы орта мектеп мұғалімі О.Раушанова І дəрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.Байқауға қатысқан мұғалімдерге білім бөлімінің марапаты мен кəсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табыс етілді.