Шағын футболдан турнир өтті

Жуырда Шу аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ комитеті 2017жылы қайтыс болған әріптесіміз дәрігер Руслан Жақыповті еске алуға арналған және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында шағын футболдан турнир өткізді.

Айтып кетсек,Руслан Айділдаұлы Жақыпов Шу аудандық орталық ауруханасының Бірлік үстем амбулаториясының аға дәрігері болып, жас маман ретінде еңбек жолын бастады.Өтінішке орай 2017жылы жол апатынын мезгілсіз қаза тапқан әріптесіміз тірі болғанда биыл 30 жасқа толатын еді.

Руслан кәсіподақ комитетінін спорт жағынан мүшесі болып жас мамандар арасында талай спорттық іс-шаралар ұйымдастыратын. Осы аталған іс-шараны Шу аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Жамбыл облыстық филиалы қолдауымен және қаржылық көмек көрсетуімен жарыс өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында марқұмның әкесі медицина саласының ардагері(43жыл бойы медицина саласында отоларинголог дәрігері қызметін атқарған) сөз сөйлеп,ұйымдастырушылар мен ұлының жолдастарына өз ризашылығын білдірді. Жарысқа ауданымыздағы түрлі мекемелерден құрылған 9 құрама командалар қатысты.

Жарыс соңында жүлделі орынға ие болған үш команда кәсіподақ тарапынан қаржылай сыйлықпен марапатталса,қалған командаларға қаржылай сый-сияпат көрсетілді.