Салалық кеңестің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 6-7 желтоқсан күндері «Құрылыс комплексі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалық кәсіподағы» ҚБ салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Салалық кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
• Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы туралы
• 2019 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы
• Кәсіподақтағы есеп беру-сайлау компаниясы туралы
• 2018-2020 жылдарға арналған жастар арасындағы жұмыс бойынша салалық кәсіподақтың жастар кеңесінің жұмыс жоспары мен тұжырымдамасы туралы.
• Әртүрлі мәселелер
Салалық кеңестің екінші бөлігі, «Тәуелсіздік күніне» орай арнайы әзірленген ҚРКФ «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» арнайы төсбелгісімен, «Елеулі еңбегі үшін» салалық төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттау салтанатына ұласты.
«Құрылыс комплексі және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы салалық кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыру комитетінің атынан барлық марапат иелерін құттықтай отыра, келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Елеулі еңбектеріңіз әрдайым еленіп, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.