Қызылорда АКБ Статистика департаменті ұжымымен кездесті

7 желтоқсанда Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов Қызылорда облысының Статистика департаменті ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан xалқына Жолдауынан туындайтын міндеттемелерді жүзеге асыру туралы сөз қозғалып, жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі бойынша шаралар туралы айтылды. Серік Сағитжанұлы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының жұмыс бағыттары, Қызылорда аумақтық кәсіподақтармен атқарылған жұмыстар барысы, Татуластыру орталығы жұмысы туралы мағлұматтармен бөлісті.
Қазірде әлемнің әміршісіне айналған ақпарат қоғамда өзіндік құндылығын қалыптастырған, сондықтан ақпараттың жылдам қолжетімділігі маңызды. Кездесу барысында статистикалық мәліметтермен жедел алмасуды орнату мақсатында Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен облыстық Статистика Департаменті арасында өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, кездесуде мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысы туралы кәсіподақ төрайымы С.Рысмаханова ақпараты тыңдалып, мерекелік марапаттар табысталды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Қызылорда облысының Статистика департаментінде 115 мемлекеттік қызметшілер және келісім-шарт негізінде жұмыс жасайтын 45 қосымша қызметкер, барлығы кәсіподақ мүшелері.