Кәсіподақтар белсенділері марапатталды

2018 жылдың 10 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік шара және кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімін өткізді. Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы «Кәсіподақтардың республикалық бірлестігі», Мүліктерді басқару дирекциясының бас директоры Мұқтар Жанайхан Ақуанұлы, облыстық маслихат хатшысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлы, «Машина жасаушылардың салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ ардагерлері, облыстағы және аудандардағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатынасты .

Шарада егемен еліміздің қалыптасуы, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткен жетістіктерінен сыр шертетін, ел тірегі Елбасының арқасында бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері бейнеленген бейне ролик көрсетілді.

Салтанатты жиын барысында Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы «Кәсіподақтардың республикалық бірлестігі», Мүліктерді басқару дирекциясының бас директоры және облыстық Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары барша қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына және дамуына қосқан зор үлестері үшін кәсіподақ саласының бірқатар белсенділерін марапаттады.

Соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен кәсіподақ саласында көп жыл еңбек өтілі бар, «Зенит» Орал заводының қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Куликов Владимир, «ІІІ дәрежелі еңбек даңқы орденімен» КПО б.в. компаниясының техник механигы Досжанов Исатай марапатталды.

Сондай-ақ облыстағы мәдениет, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет салаларының үздіктеріне сала төрағаларымен арнайы наградалар тапсырылды. Мерекелік шарада кәсіподақ жүйесіндегі жемісті еңбегі, кәсіподақ беделін арттыруға және елдің әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне қосқан зор үлестері үшін 40-қа жуық кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ақпарат саласында өлшеусіз еңбек етіп, кәсіподақ өміріндегі өзгерістерді, жетістіктер мен қол жеткізген табыстарды жұртшылыққа жеткізу жолында қосқан зор үлестері үшін Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығы облыстың бір топ БАҚ өкілдерін мараптатады. «Орал өңірі» облыстық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Файзоллаұлына, «Қазақстан» «РТРК» Акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы Филиалы директорының орынбасары Клара Мұсақызына, «Казахстанская правда», Орал өңірі, Пульс города, Приуралье газеттерінің корреспонденттеріне алғыс хаттар тапсырылды.

Шара облыстың өнер және мәдени қайраткерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.