ЕЛБАСЫНЫҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛЫНДА

Серғазы Адекенов – Аймақтық қоғамдық Кеңестің төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты төрағалығымен Қарағанды облысының Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңесі отырысы өтті.
«Нұр Отан» партиясы ғимаратында өткен отырысқа аймақтық қоғамдық Кеңестің мүшелері, облыстың кәсіпкерлер, ауыл-шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Даму» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ басшылары мен орынбасарлары, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының және Кәсіподақ Орталығының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Татьяна Аблаева – Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы, 231,2 мың адамның, яғни облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кіші және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғаны және де бұл сегментті ұлғайту мақсаты туралы, осы мақсатқа жетуде Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастамасының ролі туралы айтты. Бұл бастаманың облыста жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты Сағынжан Апақашов – Қарағанды облысының ауыл-шаруашылық басқармасының басшысы толықтырды.
Баяндамаларды талқылау кезінде Жанна Штергер – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің төртінші бастамасы бойынша жұмыс тобы жетекшісі жергілікті кәсіпкерлер санын көбейту, оларға Төртінші бастаманың мән-мағынасын жеткізу мақсатында ақпараттық платформалардың қызметін күшейту туралы ұсыныс айтты.
Отырысқа қатысушылар Елбасы әлеуметтік бастамаларын сәтті жүзеге асыру жергілікті деңгейде атқарылатын жұмысқа, жүйелі түрде жүргізілуіне байланысты екенін және бұл мәселені қала, аудан әкімдерінің жеке бақылауына алынуы керектігін айтты.
Отырыс соңында қатысушыларды айтылған ұсыныстардың Республикалық Қоғамдық Кеңеске, жергілікті атқарушы органдарға жіберілетіні туралы Серғазы Адекенов мәлімдеді.