Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Құрметті достар!

Мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде аз уақыттың ішінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қарышты қарқынмен дамып, халықтың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай жақсарып, әлемнің маңдайалды мемлекеттері тәуелсіз Қазақстанмен тығыз әрі ынтымақты қарым-қатынас пен баянды байланыс қалыптастырып үлгерді. Егемен еліміздің дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделі биік.

Еліміздің дамуы үшін ма­ңызды шешімдердің жүзеге асырылуы – қарапайым жұмысшының ерен еңбе­гінің нәтижесі. Еңбек адамының денсаулығы мен сапалы білімі, біліктілігі мен тәжірибесі – елiмiздiң баға жетпес негізгі байлығы.

Елбасымыздың биылғы Жолдауында айтылған міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттыруға, еңбек адамының құқығын қорғауға тікелей арналған. Адамның әлеуметтік қорғау деңгейі жоғары болса, оның соғырлым көңілі, әл-ауқаты және еңбек сапасы жоғары болады.

Біздер егемен еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, жаңару мен жаңғыру жолында өз үлесімізді  қосатынымызға сенімдіміз.

Мерейлі мереке құтты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

ҚР Кәсіподақтар федерациясы