Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

2018 жылдың 13 желтоқсанында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастырумен «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға кәсіподақтың әлеуметтік әріптестері, кәсіподақ ардагерлері, салалық кәсіподақтар мен кәсіподақ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен «Астананың 20 жылдығы» мерекелік медалімен «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шарауашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Манахов Абдурайра марапатталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәс іподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Шардара аудандық орталық ауруханасының Егізқұм дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Әлзақ Несібелі Кенжаханқызы, Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхаев Жұматай Ишантайұлы марапатталды.
Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет Грамотасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика Департаменті үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының басшысы Көпжасарова Жанара Ратбекқызы, Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуалыұлы, Түркістан облысы Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Дүйсенбеков Әуелхан Андасұлы марапатталды.
Кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет Грамотасымен “Фиркан” ЖШС кадрлар бөлімінің инспекторы Дәрмен Ләйлә Аманжолқызы марапатталды.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің суретші-реставраторы, кәсіподақ комитетінің төрағасы Усаинов Нұрлан Ермаханұлы, «Түркістан» салтанат сарайының көркемдік жетекшісі, кәсіподақ комитетінің төрайымы Исаева Азиза Омарбекқызы Түркістан тарихи-мәдени этнографиялық орталығының директоры Дүйсенбаева Гүлжанат марапатталды.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен Шымкент қаласы қосалқы мектеп-интернатының директоры Дүйсенбиев Абзал Жолдасбекұлы марапатталды. Сондай-ақ, кәсіподақтар мүшелері «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Елеулі Еңбегі Үшін» «Үздік қызметкер» медалімен, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.