Тәуелсіздік күні – Ұлы күн!

Қазақстан Республикасының “Тәуелсіздік күні” мемлекеттік мерекесі аясында облыста кәсіподақ саласында жүйелі қызмет атқарып келе жатқан белсенділер өз ұжымдарының ішінде марапатталды.
Астананың 20 жылдығы мерекелік төсбелгісімен Б. Рыбекова, С Әбдіқадыров, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төсбелгісімен Т. Ахметов, Алғыс хатпен Ф. Валиева мен С. Сайлаубаева наградталды. Сонымен қатар әлеуметтік әріптес облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, “НұрОтан” партиясы Алматы облыстық филиалының Алғыс хаттары және Аумақтық кәсіподақтар орталығының Құрмет грамоталарымен бірқатар кәсіподақ белсенділері марапатталды.