«Тұлпар мініп, ту алған» атты оқушылар арасында аудандық байқау өтті

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы білім бөлімі әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сай батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» атты оқушылар арасында аудандық байқау өтті. Байқау жеңімпаздарын дайындаған пән мұғалімдерін марапаттауда аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік көрсетті. Бас жүлде алған оқушы ұстазы Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есалина Айнаш шипажайға демалуға тегін жолдамамен марапатталса, қалған жүлдегерлер алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.