«ҰСТАЗ МЕРЕЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ» атты журналистер арасындағы Республикалық байқаудың қорытындысы

2018 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ұстаз мерейі – ел мерейі» журналистер арасындағы Республикалық байқауды қорытындылады.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған журналистер арасындағы байқау Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, педагогикалық қызметкер мәртебесін арттыру және білім берудің проблемалық мәселелерін барынша шынайы түсіндіру жөніндегі қызметін әділ және жан-жақты жариялау үшін өткізілді.

Байқаудың мақсаты ұстаз бен оның мәртебесін арттыру, сондай-ақ білім саласында болып жатқан процестер туралы жағымды қоғамдық пікірді одан әрі қалыптастыру; салалық Кәсіподақтың қоғамдағы және кәсіподақ мүшелері – республиканың білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесіндегі рөлі мен орнын арттыру; сала Кәсіподағының педагог мәртебесін арттыру жөніндегі қызметінің мәселелерін жариялаумен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметін жандандыру болып табылады.

2018 жылдың басында жарияланған байқауға 63 автордың 138 жұмысы келіп түсті. Оның ішінде газет-журналдар мен әлеуметтік желілердегі және сайттардағы басылымдар, сонымен қатар телеарналардағы бейнесюжеттердің нәтижелері ұсынылды.

Қазылар алқасының қорытындысына сәйкес республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірнеше арнайы жүлделермен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

– Бас жүлде (Гран-при) – Дулат Орынбасарович Абибуллаев: Астана қ., «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі, «Мұғалімдерді тестілеу тегін болады»;

І орын – Гуль Жамашовна Нуралина: «Тайынша таңы», Солтүстік-Қазақстан облысы, «Мұғалім мәртебесі басты назарда»;

ІІ орын – Досымжан Ануарович Ермуратов: Астана қ., «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі, «Мектептерде ер адамдар азайып барады»;

ІІ орын – Фомич Любовь Яковлевна: Ақмола облысы, Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының баспасөз қызметі жетекшісі. «В интересах педагогов»;

ІІІ орын – Туркестанова Ляззат Максутовна: Астана қ., «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық-саяси газетінің редакторы, «Ни разу не пожалела о выбранной стезе»;

ІІІ орын – Зангиров Ермекбай Жумахметулы: Алматы қ., «Алматы ақшамы» газетінің бөлім редакторы, «Білім – мемлекеттің дамуын көрсетеді»;

ІІІ орын – Айсулу Куандыковна Махмутова: Ақтөбе облысы, «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының жаңалықтар қызметінің редакторы, «Уникальный метод обучения инвалидов игре на домбре»;

Арнайы жүлде:

– Гульбакша Беркиновна Ахажанова: Қарағанды облысы, «Сарыарқа» облыстық телеарнасының редакторы, «Құлтемірлер құрастырады»;

– Көпей Қорғанбек Қонысбайұлы: Астана қ., «Хабар 24» телеканалының тілшісі, «Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмаларды азайту көзделіп отыр»;

– Шығармашылық топ: Атырау облысы, «Ұстаздық еңбек» кәсіподақ газеті, «Сауал – сізден, жауап – бізден»;

– Альбина Ашим: Астана қ., «Qazaqstan» телеарнасының Жаңалықтар тілшісі, «Ескі мектеп жаңа оқу жылына дайын емес».

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі бұл шараны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.