Еңбек адамына – ерекше назар

3 қаңтарда Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанкенің қатысуымен Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы кәсіподақтарының аймақтық жиыны өтті.

Жиынға Түркістан, Жамбыл облыстарының және Шымкент қаласының барлық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары және Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры М.Шәкербек қатысты.

Жиналыс барысында, Қазақстан Кәсіподақтарының өткен жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері сараланып, бірқатар баяндамалар тыңдалды. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанке және Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек кәсіподақтардың атқарған жұмыстарына оң баға беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

Өз кезегінде, Б.Әбдірайым Еңбек адамының құқығын қорғау, еңбек адамының кауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек жастарын қолдау, еңбек адамының әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелеріне кеңінен тоқталып, алдағы уақытта кәсіподақтар атқаратын жұмыстардың негізгі бағыттары осы мәселелер екенін атап өтті.