Еңбек адамы – халық сүйіктісі!

«Кәсіподақтың жаңа келбеті» жүлдесі Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының және Еңбек адамының өзектілігін айқындайды.

Қоғамдағы кәсіподақтардың ролінің артуы және өз ісінің мамандары – Еңбек адамы – 2018 жылдың трендісіне айналды десе артық болмас.

Биылғы жылы 8-ші рет өткізілген «Халық сүйіктісі-2018»  ұлттық жүлдесінің байқауына «Кәсіподақтың жаңа келбеті» номинациясының енгізілуі қоғамдағы Кәсіподақтар федерациясының ролінің өсуін және кәсіподақтар қозғалысындағы нақты қадамдардың бір көрінісі деуге болады.

ҚРКФ өз қызметінде ең алдымен бастауыш кәсіподақтар ұйымдарына және өз ісін жетік меңгерген–қатардағы еңбекккерлерге басымдық береді.

Бүгін кәсіподақ мүшелері: Қостанай облысынан медицина дәрігері Татьяна Булгацевич, Солтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүрген Рауан Бралин, Павлодар облысының кәсіподақ көшбасшысы Динара Айтжанова «Халық сүйіктісі-2018»  жүлдесінің марапатына ие болды.

Сонымен қатар Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының жаңаруы жолында белсенділік танытып жүрген, біздің әріптесіміз Ерлан Саиров «Жылдың үздік қоғам қайраткері» номинациясын иеленді.