Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым және Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде, 16 қаңтарда Кәсіподақтар үйінде Маңғыстау облысының судьялары мен кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Көкенұлы Даулиев және облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Киікбай Мыңбайұлы Жаулин өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде қоғамдық сананы жаңғыртуды ескере отырып, қоғамдағы даулар мен жанжалды соттан тыс тәртіппен шешу жолымен төмендетуге бағытталған. Тараптар татуласу рәсімдері жолымен еңбек және өзге де дауларды шешу үшін мүмкіндіктерді арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасатын болады. Заңнаманы жетілдіруге, мамандарды оқытуға, ақпарат алмасуға, медиацияны дамытудың басқа аспектілеріне және жанжалды шешудің басқа да нысандарына ерекше назар аударылатын болды.​

Меморандумның басты мақсаты – Маңғыстауда мұнай өндіру, өңдеу мекемелері көптеп шоғырланғандықтан, еңбек дауларын белсенді шешу, соттан тыс татуласу, азаматтар арасында бітіспес даудың алдын алу секілді құндылықтарды дәріптеу.

​Облыс орталығында «Татуласу орталығы» ашылып, жұмысын жалғастыруда. Ел ішіндегі дау-дамайды сотқа жеткізбеуді жауапкершілігіне алған «Татуласу орталығы» туралы сөз сөйлеген облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы К.Жаулин: «Өзіміздің ата дәстүрімізбен жүріп, кейбір дауларды шешуде сотқа жеткізбей, ағайынның арасындағы татулықты сақтау, отбасының шырқын бұзбауға осы «Татуласу орталығы» себепші болады деп сенеміз. Бұл орталық азаматтардың өзара келісім мәдениетін арттыруға үлкен септігін тигізеді деген ойдамыз. Жоба облыста мұнан әрі жалғасатын болады. Сондықтан бұл жобаның жүзеге асуына қоғам болып атсалысуымыз керек. Елімізде дауды азайтуға, облыс тұрғындарының көп мәселесін сотқа жеткізбей шешуге жұмыс жасасын деген тілек білдіреміз» деп орталықтың жұмысы бүгінгі уақыт сұранысы екенін айтты.

​«Бұл азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының нотариустың, психологтың және әлеуметтік қызметкерлердің қызметі берілетін бірыңғай алаң болады. Татуласу орталығының мақсаты – татуласу рәсімін дамытуға жан-жақты қолдау көрсету» – деп атады облыстық сот төрағасы . Ержан Көкенұлы Даулиев.

​Профилактикалық еңбек дауын шешу тетіктерін дамытуда кәсіподақ ұйымдарының рөлі атап өтілді. Бірлескен жұмыс шеңберінде ақпараттық саясатты жүзеге асырудың басым бағыттары, талдау және шешім қабылдау үшін деректермен алмасу көрсетіледі.