Ақтөбеде ірі және орташа компаниялармен үшжақты Меморандумға қол қою жалғасуда

17 қаңтар күні Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың төарағалығымен  «Ақтөбе хром қасындылары зауыты» АҚ-мен Ақтөбе рельс-арқалық зауыты ЖШС-де ұжымдық шарт пен өндірістік бағдарламаның 2018 жылы орындалуы  мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев, қала әкімі И.Испанов және жұмысшылар мен облыстық басқармалар қатысты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша аталған компаниялардың басшылары мен кәсіподақ ұйымының төарағалары ұжымдық шарттың орындалуы мен кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижесі туралы есеп берді.

Ақтөбе хром қосыныдалары зауыты химия өнеркәсібіндегі Қазақстан Республикасының ірі және жалғыз кәсіпорны болып табылып, 2283 жұмыс жасаса, Ақтөбе рельс-арқалық зауытында 1000 мыннан астам жұмыс жасап, ораташа айлық орташа айлық жалақысы 235 мың.теңгені құрады.

         Жиын қорытындысында еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету сұрақтарындағы әрі қарайғы келісілген әрекеттер  мен өзара түсіну үшін облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылары мен кәсіподақтар орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.

         Аталған шаралар жоспар бойынша әрі қарай жалғасуда.