«Келешек» кәсіподақ жастар лагерінің қорытындысы

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен «Космонавт» демалыс орнында екі күн барысында жас мамандар мен студенттер түрлі семинар-тренингтерге қатысып, біліктілігін арттырды. «Келешек» Кәсіподақ жастар лагері аясында тренингтерді «Медиацияға кіріспе. Еңбек дауларын шешу әдістері», «Customer Development ntvf», «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскердің құқығы», «Цифрлық Қазақстан» тақырыптары бойынша Света Шардарбекова – Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы жанындағы Татуласу орталығының жетекшісі, Александр Пак – медиация және дау-дамайларды шешу институтының негізін қалаушы, Ардақ Жакин –Astana Hub сертификатталған трекер, ФРИИ аккредиттелген тренер, IT-кәсіпкер, workapp.kz, Leadgarden.kz және Sauda.biz жобаларының авторы, Абай Отарбаев – кәсіпкер, «PIXEL» IT компаниясының басшысы, республикалық және халықаралық дебат сайыстарының жеңімпазы, ұйымдастырушы.
Ұжымдағы ауызбірлікті нығайту мақсатында спорттық-сауықтыру ойындарында қатысушылар топ бойынша жарысты. Алексей Литвинас – Қарағанды қаласының «Что? Где? Когда?» интеллектуалды клубының жетекшісі кәсіподақ және еңбек заңнамасына байланысты ойын өткізіп біліктілерді анықтады.
Бағдарлама соңында қатысушылар тәжірибе жүзінде жұмыс жасап, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды талқылап, өз пікірлерін білдірді.
Екі күн қорытындысы бойынша 8 топтың ішінен жеңімпаз атағына «Болашақ» тобы ие болды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға Қарағанды қаласының Сарыарқа кинотеатрына билеттер, ақпан айында Қарағандыда өтетін Нұржан Керменбаевтың ән-кешіне билеттер табысталды.