Оқыту курстары өткізілуде

Талдықорған қаласында ағымдағы жылдың 22-23 қаңтар күндері Алматы облысында кәсіподақ белсенділерінің біліктілігін жоғарлату бойынша оқыту курстары өтуде. “Еңбек құқығы негіздері. Ұжымдық келісім. Әлеуметтік әріптестік” тақырыбында ҚР Кәсіподақтар федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы” директоры Ж. Үсіпбекова лекция оқыды.