Жұмыс қорытындысы жасалынды

«Кәсіподақтар үйі» ғимаратының жиын залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ қала және аудан филиалдарының төрағаларымен есепті жыл қорытындысы бойынша жиналыс өтті.
Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында білім сапасын арттыруға аса маңызды көңіл бөлді, сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын жасауды тапсырды.
Болат Жұмабеков – Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының төрағасы бұл Заң жобасының маңыздылығын және оны талқылаудағы білім қызметкерлері кәсіподағының ролі туралы айтып өтті. Жиналыс барысында 2018 жылы бірігіп атқарған жұмыс, Кәсіподақ Орталығы бастамасымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссиясының қарауына ұсынылған сұрақтар нәтижелерімен бөлісті және Жастар жылының ашылуымен құттықтады.
Татьяна Самойлюк – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы есепті жылы жасалынған жұмыс қорытындысы және ағымдағы жылдағы жұмыс жоспары туралы айтып, бірге атқарылған жұмыс пен көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.