Жоғары әділдік

Кәсіподақтың қолдауымен Жоғарғы сот кәсіподақ активистерінің құқықтық ұстанымының дұрыстығын растай отырып, құқықтарын қалпына келтірді.

Кәсіподақ активисіне жұмыс берушінің жөнсіз әрекетін жеңу үшін бір жарым жыл қажырлы күрес, кінәсіздігінің дәлелін жинау жолында он сегіз ай күнделікті күш-қайрат, сот қарауына кеткен бес жүзден аса күн қажет болды.

2017 жылғы 18 шілдеде «Астана Қалалық Жарық» ЖШС директоры Г.Т.Төреханов өз бұйрығымен өндірістік-техникалық базаның басшысы, сонымен қатар  «Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы» ҚБ филиалының директоры, «Астана Қалалық Жарық» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының директоры Серік Қадыркеновты лауазымынан босатты. Осы әрекеттің өзі «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының 26-бабының бұзылуы болып табылады: «Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өздері мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының уәжді пікірінсіз тәртiптiк жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысы (төрағасы) жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды». Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағының пікірін ешкім сұрамаған.

Сондай-ақ, негізсіз себептер бойынша С.Қадыркеновке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Осының барлығы 2017 жылғы наурызда кәсіподақ комитеті мен оның төрағасының бастамасымен ұйымдастырылған үшжақты комиссия отырысының нәтижесінде мүмкін болды. Аталмыш отырыста ЖШС қазіргі директорына компанияның жұмысшылары өкілімен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары жөнінде ұжымдық шарттан бас тартуы себепті сөгіс жарияланды.

Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағы өзінің кәсіпорын еңбеккерлерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдерін қорғауға қатысты бірбеткей ұстанымы үшін зардап шеккен өз филиалының төрағасын қолдады. Серік Қадыркеновке материалдық қолдау көресітілді және істі қарау барысында заңды қолдау қамтамасыз етілді.
С.Қадыркенов аудандық соттан бастап барлық процессуалдық инстанцияларды өтті.

Ақырында 2018 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты қылмыс құрамы болмағандықтан С.Қадыркеновке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдады. Осылайша, жоғарғы сот органы оған қатысты айыптардың жасанды екенін растады. Ал 2019 жылғы 9 қаңтарда жоғарғы сот органы С.Қадыркеновты 2019 жылғы 10 қаңтардан бұрынғы жұмыс орнына қайта алу туралы шешім қабылдап, жұмыс берушіні оған жұмыстан қалуға мәжбүр болған уақыт барысында өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл кәсіподақ активисі мен Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағының әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы күресте біріккен іс-әрекеттерінің айқын көрінісі және «Күш – бірлікте!» ұранымыздың дұрысығын дәлелдейді.

Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағының Атқару комитеті