«Кәсіподақ ұйымы – қолдаушы күш»

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтау қаласында №12, 21, 28, 29, 5, 13, 17, 6, 8 жалпы білім беру мектептерінің ұжымымен кездесу жиналыстары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымының міндеттері мен «Ұжымдық шарттың» ролі мен «Мұғалім мәртебесі» туралы заңының жобасына түсіндірмелер жүргізу және кәсіподақ мүшелігіне тарту.

Жиналысқа аталған мектептердің басшылары мен барлық қызметкерлері қатыстырылды. Жиналыс барысында алғашқы сөз облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді.

Қазіргі білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістер жағдайында дамуда. Заманауи білім берудің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер өзгеруде. Осыған байланысты бүгінгі таңда педагогтарды үздіксіз кәсіптік дамыту ұйымдастырылуда.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім беру, электронды журнал жүйесі, жалпы сабақ жоспарының мақсатты жоспарлануы және мақсатқа жетуі, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, нәтижесінде білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, әрине бұл мұғалім, оның ішінде де ол мұғалім жан-жақты, шығармашыл болуы керек екендігі бәрімізге де белгілі. Міне, осындай талап болғандықтан, мұғалімнің де мәртебесі жоғары деңгейде қарастырылуда.

Одан әрі «Ұжымдық шарттың» бүгінгі таңда күші және оның орындалысы туралы түсініктер берілді. Ұжымдық шартқа білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің құқығын қорғау және жақсарту мақсатында, қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен басымдылықтар, белгіленген заңдармен өзге де нормативтік бөлімдер қарастырылған.

Бүгінігі таңда әрбір кәсіподақ мүшесінің қолдаушы күші- кәсіподақ ұйымы екендігіне түсініктер берілді.

Жиналыс барысында еңбек қатынасына, еңбек ақы бойынша ашық сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сұрақтарға нақты тұжырымды жауаптар берілді.

Жиналыс соңында қатысушылар бүгінігі кәсіподақ ұйымының атқарып келе жатқан қызметтеріне, алған кеңестеріне облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымы атына алғыстарын білдіре келе, алдағы жұмыстарына табыстар тіледі.