Шымкентте Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің отырысында 2019 жылдың 1 ақпанында Астанада өткен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысында қаралған мәселелер және одан туындайтын міндеттер, 2019 жылдың қаңтар айында және рейтингтік бағалаудың 5 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар мен ақпан айында өткізілетін негізгі іс-шаралар, алдағы 2019 жылға қойған мідеттері мен жоспарлары туралы салалық кәсіподақ басшыларының есебін тыңдау кестесі бекіту, Еңбек қатынастары мен кәсіподақтар жұмысы туралы республикалық оқу орталығының ақылы-көшпелі оқыту-семинарын Шымкентте өткізу туралы мәселелер талықыланды.