Сарыағашта өткен “Дөңгелек үстел”

2019 жылы 6 ақпан күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық комитеті “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы бойынша “Дөңгелек үстел” өткізді.

Дөңгелек үстелге аудандық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, педагогтар және білім мекемелерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков 6 тараудан, 21 бабтан тұратын Заң жобасымен таныстырды.

Заң жобасындағы 2,3,4,5 – тараулар – педагог мәртебесін анықтайтынын алға тартты.

Екінші тарауда педагогтың:

– мәртебесін, этикасын, ары мен намысын, кәсіби қызметін қамтамасыз ету шарттары. Өзінің кәсіби қызметіне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға тиым салу, көзделмеген тексеруді жүргізуге жол бермеу көрсетілген. Егерде аталған талаптар бұзылған болса лауазымды тұлғалар ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Үшінші тарауда: “Педагог құқықтары” айтылған:

– педагогтың материалдық жағдайын жақсарту;

– ата – аналардың немесе өзге де азаматтардың өзінің сипаты бойынша педагогтік міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелеріне негізсіз қаралауға тиым салынады;

– әлеуметтік кепілдіктер (бөлімі);

– бастапқы жарнасыз жеңілдікті кредит бойынша тұрғын үй сатып алу;

– зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының 30 жылдық өтілі

болғанда зейнеткерлікке шығу құқы;

– педагогтың балаларына бала – бақшадан кезектен тыс орын беру;

– педагогке жыл сайын еңбек демалысын беру кезінде 2 лауазымдық жалақыдан

кем емес сауықтыру жәрдемақыны беру;

Төртінші тарауда:

– педагогтың міндеттері мен жауапкершілігі;

Бесінші тарауда:

– педагогты даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.

Жоспар бойынша аталған Заң жобасы қазір Үкіметте қаралуда, ал ақпан айында Парламентке беріледі – деген жоспар бар.

Ә.Тастанбеков осыдан кейін “Дөңгелек үстелдің” мақсатына тоқталды.

Ол – Заң жобасы бойынша қатысушылар пікірін тыңдау, педагог мәртебесін көтеру үшін кәсіподақ ұйымдары мен педагогтардың өздері қандай жұмыс жүргізуі керек, қандай іс-шараларды іске асырған жөн деген ұсыныстары мен ойларын тыңдау және жүзеге асыру үшін қандай жұмыстарды атқару керек екенін саралау. “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы бойынша қысқаша ақпарат беріп, қатысушыларды “Дөңгелек үстел” жұмысына белсенді қатысып, ойларын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салу ұсынылды.

Дөңгелек үстелде Өстеміров атындағы жалпы орта мектебінің директоры А.Ақбергенов, Қ.Сәтпаев атындағы №10 мектеп-гимназия интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Досанов, М.Әуезов атындағы №1 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі А.Бимұратова, Алтынсарин атындағы №17 жалпы орта мектебінің директоры Х.Қабылова, Амангелді атындағы №20 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Орумбаев, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Н.Баратов, Ломоносов атындағы №3 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Назимов өз пікірлерімен бөлісті.

Алдағы уақытта “Педагог мәртебесі туралы” Заң қабылданғанға дейін әлі де көп жұмыс атқару керек. Заңнаманы қолдау бойынша барлық деңгейдегі баспасөздерге, электрондық сайттарға материал беріп отыру, облысқа және ауданға келген Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттарымен кездесулер өткізіп, қолдау туралы өтініштерді жеткізу қажет.