ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өткізді

Ел-Ордалық “Достық үйінде” Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Астана қаласының этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл аса манызды жиында Астана қ. ҚХА этно-мәдени бірлестіктер жетекшілері, қоғамдық келісім кеңесі өкілдері, этно-мәдени бірлестіктер, ҚХА “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысы өкілдері де бас қосты. Сөз кезегінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері, публицист, жазушы, журналист Сауытбек Абдрахманов Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жұмысы туралы ақпаратты баяндап берді. Бұл аса белсенді топ өздеріне жүктелген жұмысың одан ары нығайтуға бел бұрып отырғаның да мәлімдеді. Отырыс барысында Астана қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, “Вайнах” шешен-ингуш этно-мәдени орталығы ҚБ төрағасы, Астана қ. ҚХА кеңесінің мүшесі Башир Солсанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы “Жаңғыру жолы” қозғалысының елордадағы штаб-пәтерінің жетекшісі Наталья Карагеур ханымдар мен мырзалар өз баяндамаларың жасады. Отырыс-кездесу қазіргі заманға сай ашық, пікір-талас, демократиялық форматта өткенің де атап айтуымыз керек! Үлкен жиында талқылаған манызды мәселенің бірі- ол Отанымыздың ұлтаралық достастастығын күшейтуге ат салысып, бірігіп жұмыс жасауын бір ауыздан қолданды! “Бұл жұмыс оң нәтижесің беретінің айтпасада түсінікті”,- деді парламент корпусының өкілі. ҚХА атқарушы комитетенің мүшесі, Астана қаласының кәсіподақтар төрағасы Тастанбек Есентаев бір неше манызды мәселелерді көтеріп өз ұсынысын да ортаға салды. Соңын ішінде: Астана қаласында құрылыс саласында жүрген компаниялардың басым бөлігі қауыпсыздық ережелерді сақтамай, еңбек қорғау заңдарын бұзушылары көбейгенің жоққа шығармай ашығың айтып берді. Оған қоса, Есентаев-мырзаның сөзінің жөңі бар екенің жуырда мониторинг бақылау агенттіктердің сілтемесі де дәлел. Ел Орда қүрылысында мерт болып жатқан жұмыскерлер саңы асып артылады екен, қалған аймақтармен салыстырғанда. Ал, шетелдік құрылыс ұйымдары, біздікіне қарағанда, әлде қашан заңды орындауға дайын болып шыққаны ақиқат екен! Кейбір жақын орада болған залал оқиғалар (құрлысшылар арасында) бұл ұлтараралық мәселеден көрі, тұрмыстық және еңбектерің бағаламайтың проблемалардың кесірі екеніне көзім жетті деп, -өз сөзің қортындады, Есентаев мырза. Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдеріне куәлік табыстау рәсімімен этно-мәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралаумен аяқталды.