Шымкент қаласында ашылған орталықтар

2019 жылы 7 ақпан күні Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданының 75 үйінде «Медиацияны дамыту орталығы» және «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестіктерінің Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бірыңғай қызмет көрсету орталығының және «АЛЬТАИР» мүгедектер қоғамы бірлестігінің қосымша офистері ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов, «Медиацияны дамыту орталығы» және «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестіктерінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Л.Ақшегірова, «АЛЬТАИР» мүгедектер қоғамы бірлестігінің жоба жетекшісі М.Төлбасиев, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларының, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің өкілдері қатысып, ашылу салтанатының қуаныштарымен бөлісіп, ұжым мүшелерінің жұмыстарына табыстар тіледі.

Ашылған орталықтарда Шымкент қаласы тұрғындарының медиаторлық, психологиялық, заңгерлік көмектер алуына қосымша жағдай жасалып отыр.

Сонымен бірге телефон арқылы да кеңестер алуына мүмкіндік жаратылған.