Ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 8 ақпанында, Қазақстандық кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен ҚР кәсіподақтық Федерациясы «Қазақстан спорт-сауытыру кәсіподақтар қоғамы» Қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық мақсатты нығайтуға, қарым-қатынасты ұлғайтуға арналған меморандумға қол қойылды.
Бұл құжаттың мақсаты және бағыттары:
– қоғамдық денсаулық сақтау саласында Тараптардың ынтымақтастығын дамыту;
– қоғамдық денсаулық сақтау мамандарын, техникалық инспекторларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу;
– ынтымақтастық барысында Тараптар келіскен өзге де өзара қарым-қатынас түрлері;
– жұмыстағы гимнастиканың методикалық оқу-жабдық қітапшаларын
әзірлеп дайындап шығару, спорттық секцияларды құру және жұмысын дамыту.
Бұл аталған іс-әрекеттер, міндетті түрде, жұмыскерлердің
денсаулығына оң нәтижесің беретінің сөзсіз. Оған қоса, олардың салауатты өмір салтын белсенді өткізуге, кәсіби сырқат-жарақаттардан сақтандыратына нық сендіреді.
Кеңестік көмектен басқа бұл келісім бойынша екі тараптан дене
шыңықтыру әдіс-тәсілдерін қолдану нұсқалары, жұмыстық гимнастика (производственная гимнастика), бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындап және өткізу, еңбек қауыпсіздігі мен қорғау мәселелері қозғалады.