Әлеуметтік әріптестік келешегі

Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков пен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Мылтықбай Газалиевтің Саран қаласына жұмыс сапары барысында Саран қаласының әкімі Ержан Темирхановпен және Саран қалалық маслихатының хатшысы Өміржан Баймағанбетовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастар, жас мамандардың кәсіптік оқуы және оларды қайта дайындау мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік әріптестік аймағында Саран қаласының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерінің қатысуымен еңбек ұжымдарында бірігіп кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.