БҚО Кәсіподақтар орталығының жаңа төрағасы сайланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның қатысуымен Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында жиын өтті. Жиында БҚО кәсіподақтар орталығының жаңадан сайланған төрағасы Таспихов Амангелды Сатыбалдыұлы таныстырылды.

1959 жылы туған А. Таспиховтың есімі батысқазақстандықтарға етене таныс. 1982 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген А. Таспихов еңбек жолын алдымен Алматы машина жасау зауытынан бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің төрағасы, ҚР Индустрия және Жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты,  «КазТрансГазАймак АҚ өндіріс бөлімінің директоры қызметтерін атқарды.