Жастар жылында – жас педагогтар арасында байқау өтті

Түркістан облысының Төлеби аудандық білім саласының кәсіподақ комитеті және Төлеби аудандық білім бөлімі Елбасының жолдауындағы жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары барысындағы жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында аудандық «Жаңа мектепке – Жаңашыл ұстаз – 2019» байқауын өткізді.

Бауқауда аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 25 жас мұғалім қатысып, I-кезеңде эссе жазса, II- кезеңде бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізді.

Ақтық сайысқа 14 жас мұғалім іріктеліп, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өздерінің жаңа идеяларының таныстырылымын жасады.

Мектептердің ішінде №1, 2, 4, 16, Бірінші мамыр жалпы орта мектептерінің жас мұғалімдері тақырыпты ізденіспен ашып, жас ұрпақтың бойына құндылықтарды дарытып, оқушыларға сапалы білім беруде кәсіби тұрғыда шыңдалып келе жатқандарын көрсете білді.

Байқаудың қортындысы бойынша  Қ.Сатпаев атындағы №4 жалпы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Кұлыбек Айзада I-орынды иеленіп, Түркістан облысында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.

Жүлделі орын алған қатысушылар Төлеби аудандық білім саласының кәсіподақ комитетінің алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.