Шымкентте Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2019 жылғы 28 ақпан күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңесті департамент басшысы А.Көмекбаев жүргізіп отырды.

Кеңес отырысына Әдеп кеңесінің мүшесі – «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов қатысты.

Кеңес отырысында Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлының, Шымкент қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Жәнібек Ағыбаевтың және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Акишевтің есептері тыңдалды.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан жұмыстарды жақсарту бағытындағы ұсыныстар берілді және қордаланған мәселелерді шешу бағытында нақты бірлескен жұмыстар ұйымдастырылатын болды.

Соның ішінде – еңбек ұжымдарында жұмыскерлердің табысы мен тұрмыс сапасын арттыру, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жұмысберушілердің жұмысшылар алдында жалақы қарыздарын болдырмау, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу кезінде жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға және жалақыны көтеруге бағытталған мәселелерді қамту, еңбек адамдарын қолдау бағытында бірлескен жұмыстарды іске асыру мәселелері де бар.